«Көркем қыздар» ұйымының кезекті отырысы өтті. «Қызға қырық уйден тыйым» тақырыбында баяндама оқылды. Отырыс соңында қыз балаларға жеміс кесуден шебер класс өткізілді. Мақсаты: Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын, Көрінер туған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлеме, Халқының сақтай білгін ізгі салтын,-дей отырып қыз балаларға ырым-тыйым арқылы бойларына адамгершілік, инабаттылық, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Жетекші: Шайбекова Ж. #біртұтастәрбиеАқтөбе