Қамқоршылық кеңесі мектептің оқу тәрбие жұмысына,материалдық,техникалық базасының нығаюына және оның қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізе отырып мектептің дамуына оңтайлы ықпал етеді. Осыған орай мектеп -интернатымызда “Қамқоршылық кеңесінің” 1 отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. «Қамқоршылық кеңес» мүшелерін жаңа құраммен толықтыру. 2. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.Жылдық жұмыс жоспарын бекіту. 3. «Қамқоршылық кеңес» төрағасын сайлау. 4. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайымен таныстыру.