"Ізгілікке қалам тартқан жас ғұмыр" атты кездесу өткізілді.
Кітап-адам баласының сарқылмайтын асыл қазынасы. Кітапта адам өмірінің сан қилы жолы мен тұғырлы тарихы бейнеленеді. Осы бір аса құнды, бағалы дүниемізді танытып,оқырманның көзін ашып,оқуға құштарын арттыру мақсатында мектеп-интернатымыздың аяулы ұстаздары мен қызметкерлері арасында "Ізгілікке қалам тартқан жас ғұмыр" атты кездесу өткізілді. Кітап оқып, өзінің жан-дүниесіне рухани азық жинаған осындай оқырмандарымыз көп болсын, дейміз. #біртұтастәрбиеАқтөбе